ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Кожахметов Куат Бакирович – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
Еңбек қызметі:
Қазақстанның қаржы секторында бай кәсіби тәжірибесі бар. Қызмет жолын Банк қызметін реттеу басқармасының Қаржылық талдау бөлімінің жетекші экономисі ретінде бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Әр кезеңде «Цеснабанк» АҚ-да, «Цесна» корпорациясы» АҚ-да, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, «Оптима Банк» ААҚ-та (Қырғыз Республикасы), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да, «АХҚО әкімшілігі» АҚ-да, «Alatau City Bank» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, The University of Chicago Booth School of Business оқу орнында Executive MBA бағдарламасын тәмамдаған, IoD – Ұлыбританияның директорлар институтын бітірген және IoD Chartered Director халықаралық біліктілігі бойынша дипломды директор болып табылады.
Қазіргі уақытта сондай-ақ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның, Қазақстан Ұлттық Банкінің «Банктік сервистік бюросы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып табылады.
Азбеков Жаркинбек Кадырбаевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Еңбек қызметі:
Қазақстан Республикасының банк саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр кезеңде «Траст Банк» ЖБ-да,
«Нефтехимбанк» ААҚ-да, «Сенім банк» АҚ-да басшылық лауазымдар атқарған. Қазіргі уақытта «ОРДА кредит» кредиттік
серіктестігі» ЖШС-да Бақылау кеңесінің төрағасы, «ОРДА Капитал» басқарушы компаниясы» АҚ-да Директорлар кеңесінің
төрағасы, «Арнур кредит» МҚҰ» ЖШС-да Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Курманов Олжас Каирбекович – Директорлар кеңесінің мүшесі
Еңбек қызметі:
Еңбек қызметі: Олжас қаржы нарықтарында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Банк ЦентрКредит», «Темірбанк», «АТФ Банк», «АТФ Финанс», «Цеснабанк», «БТА Банк Украина», «Qazaq Financial Group», «Russel Bedford Kazakhstan», «Sigma Capital» ұйымдарында әртүрлі лауазымдар атқарған. 2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап «First Heartland Securities» АҚ-ның (қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ) Басқарма төрағасы болып табылады.
БАСҚАРМА
Курманов Олжас Каирбекович – Басқарма төрағасы
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2003 ж.).
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бакалавр
дәрежесіне ие (2005 ж.), Брандейс университетінде (Brandeis University, АҚШ, 2008 ж.) Халықаралық тұрақты
даму магистрі (Master of Arts in Sustainable International Development), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің «Азаматтық құқық» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие (2011 ж.) және Йорк
университетінің (York University, Канада, 2021 ж.) Master of Financial Accountability (MFAc) дәрежесін алған.
Сондай-ақ 2008 жылы FRM (қаржылық тәуекелдер менеджері) сертификатын, 2010 жылы CAIA (баламалы
инвестициялар саласындағы дипломды талдаушы) сертификатын, 2011 жылы CFA (дипломды қаржылық талдаушы)
сертификатын алған.
Еңбек қызметі:
Олжас дәстүрлі және баламалы қаржы нарықтарында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Банк ЦентрКредит», «Темірбанк», «АТФ Банк»,
«АТФ Финанс», «Цеснабанк», «БТА Банк Украина», «Qazaq Financial Group», «Russel Bedford Kazakhstan»,
«Sigma Capital», «Integra Construction KZ» ұйымдарында әртүрлі лауазымдар атқарған.
Нуркенов Ерке Ерликович – Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар»
мамандығы бойынша бітірген (2000 жыл).
Еңбек қызметі:
Нүркенов Е.Е. қаржы нарығында 19 жылдан астам жұмыс істейді, брокерлік және басқарушы компанияларда,
оның ішінде 2017 жылдан бастап «First Heartland Securities» АҚ-да басшылық лауазымдарда табысты еңбек
тәжірибесіне ие. 2019 жылғы 12 қыркүйектен бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен
«First Heartland Securities» АҚ-ның (қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ) Басқарма төрағасының
орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Мустафаева Алма Идияновна – Басқарма мүшесі, Қаржы директоры
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Колорадо университетін (АҚШ) бітірген.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты болып табылады.
Еңбек қызметі:
Банк саласында 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. RBS (Kazakhstan), Қазақстан Халық банкі және First Heartland Bank
ұйымдарында басшылық лауазымдар атқарған.
2019 жылғы 10 сәуірден бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен «First Heartland Securities» АҚ-ның
(қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ) Қаржы директоры, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
