Кожахметов Куат Бакирович
– Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
Еңбек қызметі:
Қазақстанның қаржы секторында бай кәсіби тәжірибесі бар. Қызмет жолын Банк қызметін реттеу басқармасының
Қаржылық талдау бөлімінің жетекші экономисі ретінде бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының
орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Әр кезеңде «Цеснабанк» АҚ-да, «Цесна» корпорациясы» АҚ-да, Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, «Оптима Банк» ААҚ-та
(Қырғыз Республикасы), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да, «АХҚО әкімшілігі» АҚ-да, «Alatau City Bank» АҚ-да
басшылық қызметтер атқарған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген,
The University of Chicago Booth School of Business оқу орнында Executive MBA бағдарламасын тәмамдаған,
IoD – Ұлыбританияның директорлар институтын бітірген және IoD Chartered Director халықаралық біліктілігі бойынша
дипломды директор болып табылады.
Қазіргі уақытта сондай-ақ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның,
Қазақстан Ұлттық Банкінің «Банктік сервистік бюросы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
болып табылады.