EN KZ RU
Жоғары бағытталған алтын жебесі бар қаржылық диаграмма

Investment Task Force

Топ инвесторлары мен серіктестері үшін бірыңғай кіру нүктесі
United Group Alatau серіктестері үшін.
Бес жұмыс күні ішінде жауап береміз.

Investment Task Force

Әдетте ең қины – алғашқы қадам
ең күрделі кезең

Жаңа нарыққа шығар алдында кіммен байланысу керектігі туралы мәселе туындайды. Бұл банк пе, қала әкімшілігі ме, реттеуші орган ба, әлде болашақ серіктес пе - тиісті адамды табуға айлар кетуі мүмкін. Ал жіберілген электрондық хаттар жалпы пошта жәшігінде қалып қояды.

Investment Task Force Alatau City төңірегіндегі бастамаларды қолдау мақсатында құрылды. Жоспарыңызбен бөліссеңіз жеткілікті. Біз сізге бес жұмыс күні ішінде жауап береміз, сұранысыңыздың мән-жайын нақтылап, Топ пен оның серіктестері арасынан тиісті мамандарды жұмысқа тартамыз. Егер сұранысыңыз біздің жұмыс бағытымызға сәйкес келмесе, бұл туралы да ашық айтамыз.

Қалай жұмыс істейміз

  1. 01

    Сіздің өтінішіңіз

    Өзіңіз туралы, не істегіңіз келетіні және оны қашан жүзеге асыруды жоспарлап отырғаныңыз туралы айтып беріңіз.

  2. 02

    Бес жұмыс күні ішінде
    жауап

    Сұранысыңызды қарап, қосымша сұрақтармен немесе келесі қадам туралы ұсыныстармен хабарласамыз.

  3. 03

    Тиісті мамандар

    Біз Топ компанияларын, Alatau City-дегі серіктестерді және қажетті сала мамандарын жұмысқа тартамыз.

  4. 04

    Кездесу

    Онлайн немесе Алматыда өтеді. Әрі қарай сіздің сұранысыңызға жауапты нақты бір маман болады.

Сіз не аласыз

  • Он адамның орнына – бір адаммен байланыс
  • Бес жұмыс күні ішінде жауап
  • Топ компанияларына шығу: банк, инвестициялық компания, сақтандыру компаниясы
  • Жергілікті жағдайды түсіну: реттеу, серіктестер, практика
  • Құпиялылық

Біз не істемейміз

  • Гранттар бөлмейміз және мемлекеттік мекемелерді алмастырмаймыз.
  • Келісімнің жасалуына кепілдік бермейміз және қаржыландыруды қамтамасыз етуге уәде бермейміз.
  • Жеке тұлғаларға арналған банктік қызметтерге қатысты мәселелерді қарастырмаймыз.

Бізге қандай мәселелер бойынша жүгінеді

Кім хабарласадыНені талқылаймызФормадағы өтініш тақырыбы
Инвестор немесе қорAlatau City-ге қатысты жобаларға бірлесіп инвестиция салу және қатысу.Бірлескен инвестициялар және жобалар
Қазақстан нарығына шығатын компанияСеріктестік орнату, локализация, серіктес немесе мердігер іздеу.Қазақстан нарығына шығу
Қаржы ұйымыКорреспонденттік қатынастар, трансфер-агенттік қызметтер, бағалы қағаздар нарығы.Қаржы ұйымы
Технологиялар және ғылымЗерттеулер және пилоттық жобаларТехнологиялар және ғылым
БАҚПікір, деректерді тексеру, материалдар.БАҚ сұрауы

Сіздің өтінішіңізді кім қарайды

Нұрғаным Өтебаева, Investment Task Force жетекшісі

Nurganum Utebayeva

Нұрғаным Өтебаева. Investment Task Force командасының жетекшісі

Инвесторлар мен серіктестердің өтініштерін қабылдайды
және оларды Топ ішінде бағыттайды.itf@uga.kz

Жазбас бұрын

Investment Task Force

Өтінішіңіз қаралып, Топ ішіндегі тиісті мамандарға жіберіледі.

Жауап беру мерзімі

Бес жұмыс күні ішінде жауап береміз.

Төлем

United Group Alatau өтініштерді қарау үшін ақы алмайды.

Менің материалдарыма не болады

Материалдарыңыз Құпиялылық саясатына сәйкес өтінішті қарау және бағыттау үшін ғана пайдаланылады.

Мен Топ банкі немесе сақтандыру компаниясының клиентімін

Банк немесе сақтандыру өнімдері бойынша тиісті компанияға тікелей хабарласыңыз.

Бізге қандай мәселелер бойынша жүгінеді

1-қадам, барлығы 2

2-қадам, барлығы 2

5 файлға дейін, әрқайсысы 10 МБ-тан аспайды

United Group Alatau өтініштерді қарау үшін ақы алмайды.