Managment-kz

Басшылық
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

Қожахметов Қуат Бәкірович
– Директорлар кеңесінің Төрағасы, Тәуелсіз директор

Еңбек қызметі:

Қазақстанның қаржы секторында бай кәсіби тәжірибеге ие. Өз мансабын Ұлттық Банктің Банктік қадағалау департаментінің
Банктік қызметті реттеу басқармасының Қаржылық талдау бөлімінің жетекші экономисі қызметінен бастап,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төраға орынбасарына дейін өсті. Әр жылдары
«Цеснабанк» АҚ, «Цесна» Корпорациясы» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті,
«Оптима Банк» ААҚ (Қырғыз Республикасы), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ, «Alatau City Bank» АҚ сынды
ұйымдарда басшылық лауазымдар атқарған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған,
The University of Chicago Booth School of Business оқу орнында Executive MBA бағдарламасы бойынша оқыған,
Ұлыбританияның директорлар институтын (IoD) бітірген және IoD Chartered Director халықаралық біліктілігі бар
Дипломды директор болып табылады.

Қазіргі уақытта сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банк сервистік бюросы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,
тәуелсіз директор болып табылады.

Азбеков Жарқынбек Қадырбайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

Еңбек қызметі:

Қазақстан Республикасының банк секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол «Траст Банк» ЖБ, «Нефтехимбанк» ААҚ, «Сенім банк» АҚ ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқарған. Қазіргі уақытта «ОРДА кредит» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы, «ОРДА Капитал» Басқарушы компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Арнұр кредит» МҚҰ» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

Құрманов Олжас Қайырбекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

Еңбек қызметі:

Олжас қаржы нарықтарында бай жұмыс тәжірибесіне ие. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Банк ЦентрКредит, Темірбанк, АТФ Банк, АТФ Финанс, Цеснабанк, БТА Банк Украина, Qazaq Financial Group, Russel Bedford Kazakhstan, Sigma Capital компанияларында түрлі лауазымдарды атқарған. 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап «First Heartland Securities» АҚ (қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ) Басқарма Төрағасы қызметін атқарады.

БАСҚАРМА

Құрманов Олжас Қайырбекұлы – Басқарма Төрағасы

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша (2003 ж.) тәмамдаған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Бакалавр дәрежесін (2005 ж.) алған. Бұған қоса, Брандейс университетінде (Brandeis University, АҚШ) «Халықаралық тұрақты даму» (Master of Arts in Sustainable International Development) бағытында магистр дәрежесін (2008 ж.) иеленген. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Азаматтық құқық» мамандығы бойынша Бакалавр дәрежесін (2011 ж.) және Йорк университетінде (York University, Канада) Master of Financial Accountability (MFAc) дәрежесін (2021 ж.) алған. 2008 жылы – FRM (қаржылық тәуекел менеджері), 2010 жылы – CAIA (баламалы инвестициялар саласындағы дипломды аналитик), 2011 жылы – CFA (дипломды қаржылық аналитик) сертификаттарын алған.

Еңбек қызметі:

Олжас дәстүрлі және баламалы қаржы нарықтарында үлкен тәжірибеге ие. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Банк ЦентрКредит, Темірбанк, АТФ Банк, АТФ Финанс, Цеснабанк, БТА Банк Украина, Qazaq Financial Group, Russel Bedford Kazakhstan, Sigma Capital, Integra Construction KZ ұйымдарында түрлі лауазымдарды атқарған.

Нұркенов Ерке Ерлікович – Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (2000 жыл) тәмамдаған.

Еңбек қызметі:

Нұркенов Е.Е. қаржы нарығында 19 жылдан астам еңбек өтіліне ие. Брокерлік және басқарушы компанияларда басшылық лауазымдарда табысты жұмыс тәжірибесі бар. 2017 жылдан бастап «First Heartland Securities» АҚ-да еңбек етеді. 2019 жылғы 12 қыркүйектегі Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен «First Heartland Securities» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі болып тағайындалды (қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ).

Мұстафаева Алма Идияновна – Басқарма мүшесі, Қаржы директоры

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Колорадо университетін (АҚШ) тәмамдаған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек қызметі:

Банк секторында 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар. RBS (Kazakhstan), Қазақстан Халық банкі және First Heartland Bank ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған.

2019 жылдың 10 сәуіріндегі Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен Қаржы директоры, сондай-ақ «First Heartland Securities» АҚ-ның Басқарма мүшесі болып тағайындалды (қазіргі атауы – «United Group Alatau» АҚ).