Main_KZ


БІЗ ТУРАЛЫ

«United Group Alatau» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания») Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – «ҚРҰБ») Басқармасының 2017 жылғы 15 қарашадағы №218 қаулысымен «First Heartland Bank» АҚ-ны (бұрынғы атауы – RBS/ABN AMRO (Kazakhstan)) сатып алу кезінде және ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 1 ақпандағы №24 қаулысымен «Alatau City Bank» АҚ-ны (бұрынғы атауы – Цеснабанк) сатып алу кезінде реттеушінің рұқсатын алған банк холдингі болып табылады.

Компания тікелей және жанама түрде 11 еншілес ұйымға иелік етеді, олардың 7-уі UGA банк конгломератының қатысушылары болып табылады:

  • «Alatau City Bank» АҚ
  • «Alatau City Invest» АҚ
  • «Alatau City Garant» АҚ
  • «Оптима Банк» ААҚ
  • «First Heartland Capital» АҚ
  • «ACB Development» ЖШС
  • «Jusan Инкассация» ЖШС

Банк конгломератының бас ұйымы ретінде Компания консолидирленген негізде конгломерат капиталының жеткіліктілік деңгейін басқаруды және ҚРҰБ банк конгломераттары үшін белгілеген пруденциялық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етеді: тәуекелмен өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге қатысты жиынтық капиталдың жеткіліктілігі, байланысты тұлғалар үшін, үшінші тұлғалар үшін және қамтамасыз етілмеген қарыздар үшін жиынтық капиталға қатысты бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері.