БІЗ ТУРАЛЫ
«United Group Alatau» АҚ (бұдан әрі – «Компания») – банк холдингі.
Компания 2017 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
№ 218 қаулысымен «First Heartland Bank» АҚ-ын (бұрынғы RBS/ABN AMRO (Қазақстан))
иеленуге және 2019 жылғы 1 ақпандағы ҚРҰБ-ның № 24 қаулысымен
«Alatau City Bank» АҚ-ын (бұрынғы «Цеснабанк») иеленуге реттеушілік келісім алған.
Компания тікелей және жанама түрде 11 еншілес ұйымға ие, олардың 7-еуі UGA банк конгломератының қатысушылары:
- «Alatau City Bank» АҚ
- «Alatau City Invest» АҚ
- «Alatau City Garant» АҚ
- «Optima Bank» ААҚ
- «First Heartland Capital» АҚ
- «ACB Development» ЖШС
- «Jusan Инкассация» ЖШС
Банк конгломератының бас ұйымы ретінде Компания конгломераттың капиталдың жеткіліктілігін
шоғырландырылған негізде басқарады және ҚРҰБ белгілеген пруденциялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
тәуекел деңгейіне түзетілген активтер мен шартты міндеттемелерге қатысты капиталдың жалпы жеткіліктілігі,
салыстырмалы тұлғаларға, үшінші тұлғаларға және қамтамасыз етілмеген қарыздарға қатысты
ірі қарыз алушыға шекті тәуекел мөлшері.
